Қазіргі таңда елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны жүргізілуде. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметшілерді іріктеу жұмыстары да жүзеге асырылуда.Осыған байланысты Алатау қаласының жастарын Мемлекеттік күзет қызметінде әскери борышын өтеуге шақырамыз.Мемлекеттік күзет қызметі – күзетілетін адамдар мен маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше мемлекеттік орган. Бұл қызметте әскери борышын өтеу жоғары тәртіпті, жауапкершілікті және Отанға адалдықты талап ететін абыройлы міндет болып табыл...
Алатау қаласында Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісі жобасы аясында салынған жаңа автокөлік көпірінің қозғалысы ашылды.Ұзындығы 950 метрді құрайтын жаңа жол өткелі 24×32×24 метрлік құрылыммен салынған. Нысан өңірдің көлік инфрақұрылымындағы маңызды жобалардың бірі. Ол көлік қатынасының тиімділігін арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Жол өткелі Алатау қаласының құрамына кіретін Нұра және Туғанбай елді мекендерін Жетіген қаласымен байланыстырады. Көпір тәулігіне 15 мыңнан астам ав...
Алатау қаласында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкогольдік тәуелділіктің алдын алу және отбасы құндылықтарын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Арақсыз ауыл» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесулер мен түсіндіру іс-шаралары болды. Аталған шараларға қоғам белсенділері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысып, маскүнемдіктің қоғамға тигізетін зардаптары кеңінен талқыланды.Кездесулер барысында алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың отбасы берекесін...
Алатау қаласының Жаңаарна ықшам ауданында заманауи талаптарға сай жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салтанатты түрде ашылып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл нысан – елді мекендегі медициналық қызметтің сапасын арттырып, халыққа алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етудегі маңызды қадам.Ашылу рәсіміне Алатау қаласы әкімінің орынбасары Несипбаева Гүлбану Сейткенқызы мен Алатау қалалық мәслихатының төрағасы Абилова Роза Михаилқызы қатысып, жаңа нысанның лентасын қиып, тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады. Өз сөздерінде олар денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттің басты басымдықтар...
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты.Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Премьер-министрді Алатау қаласының аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асыры...
Алатау қаласының Отбасын қолдау орталығы тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда, орталық мобилдік топтармен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруда.Мұндай шаралардың басты мақсаты – тұрмыстық қиындықтарға кезіккен отбасыларға уақытылы көмек көрсету, олардың құқықтық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау білдіру. Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, қоғамдағы әлсіз топтардың мүддесін қорғауға ықпал ету болып табылады.Қаладағы мобильдік топтар әлеуметтік сала...
Қазіргі таңда экологиялық жағдай – тек бір елдің ғана емес, күллі әлем жұртшылығының басты назарындағы мәселе. Адамзат өркениетінің дамуы табиғатқа айтарлықтай салмақ салып отырғаны белгілі. Ауа мен судың ластануы, жасыл желектердің азаюы мен тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – осының айқын дәлелі. Бұл түйткілдер Қазақстанда да өзекті болып отыр, әсіресе жаңадан құрылып, қарқынды дамып келе жатқан Алатау секілді жас қалалар үшін.Алатау – болашағы зор, заманауи инфрақұрылымы дамып келе жатқан қала. Мұндағы басты қағидаттардың бірі – экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму ұстанымдарын қатар алып ж...
Бүгін Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов Жаңадәуір, Құйған және Жаңаталап ықшам аудандарында жүргізіліп жатқан көше жарықтандыру жұмыстарының барысымен танысты.Қала басшысы Құйған ықшам ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, олардың қарқынын бағалады. Одан кейін Жаңаталап және Жаңадәуір ықшам аудандарында көше жарығын орнату және жаңарту бойынша орындалған жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімдерге сәйкестігін тексерді.Жұмыс сапарын қорытындылай келе, Аркен Өтенов мердігер ұйымдарға жұмысты сапалы әрі уақытылы орындау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, қала тұрғындарының қауіпсіздігі...